auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алексей Полторанин әлем чемпионатына қатысу үшін Азия ойындарынан шет қалады

Алексей Полторанин әлем чемпионатына қатысу үшін Азия ойындарынан шет қалады
Фото: nflg.kz

Былтыр қаңтардың ортасында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» бәсекесінде керемет өнер көрсетіп, бесінші орын алған еді. Бірақ, Полтораниннің биылғы көрсеткіші көңілден шығып тұр деп айта алмаймыз. Мұның себебі неде екенін анықтау үшін Vesti.kz тілшісі Финляндияда жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан даңқты шаңғышыға хабарласып, сұқбат құрған болатын.

- Алексей, соңғы кездері сіз көптеген жарыстардан шет қалдыңыз. Естуімізше оған жарақат кедергі болған екен. Жарақатыңыздан айықтыңыз ба?

- Иә, мен қарашаның соңы мен желтоқсанның басында қатты сырқаттанып қалдым. Қазір емделіп болдым. Енді ақырындап жаттығу жұмыстарын істеп жатырмын.

- Қазір қайдасыз?

- Финляндияның Лахти деген қаласындамын. Осы жерде 7-8 қаңтарда Скандинавия кубогі өтеді. Қатысушылардың да құрамы мықты. Сондықтан мен үшін маңызды жарыстардың бірі болғалы тұр.  Мен біраз уақыт үлкен жарыстарға қатыспадым ғой. Ары қарай қалай жаттығуымды жалғастыруымды анықтау үшін маған бірінші кезекте өзімнің күшімді тексеріп алу маңызды.

- Неге Скандинавия кубогі жарысын таңдадыңыз. Ол уақытта басқа да ірі бәсекелер бар емес пе?

- Осы жерде ақпан мен наурыз аралығында әлем чемпионаты өтеді. Бұл жердің трассасын бір тексеруден өткізіп алу керек. Ал, әлем біріншілігі мен үшін биылғы жылдағы басты бәсеке.

- Ал, әлем чемпионатына дейін сіз басқа да бәсекелерге қатысасыз ба?

- Иә, әрине. 21-22 және 29-қаңтарда өтетін әлем кубогіне қатысамын. Бұл әлем кубогінің екі кезеңі де Швецияда өтеді. Содан кейін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз.

- Биыл сары құрлықтың басты бәсекесі – Азия ойындары да өтеді. Бұл сайысқа қатысу ойда бар ма?

- Өкінішке қарай, мен бұл жолы Азия ойындарына қатыса алмаймын. Себебі, дәл сол уақытта әлем чемпионаты өтеді. Бұған дейін де айтқанымдай, менің биылғы басты бәсекем – әлем чемпионаты.

- Әңгімеңізге рақмет. Табыстар тілейміз! 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жарнама

Жарнама