auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тайқазан vs шеңбер: Көкпардың халықаралық ережелері бекітілді

Тайқазан vs шеңбер: Көкпардың халықаралық ережелері бекітілді
© massaget.kz
Елорда төрінде Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтті. Оған 10 елдің Ұлттық спорт федерациясы басшылары қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша көкпардың халықаралық ережелері бекітілді.

Кеңесте қауымдастыққа жаңа мүше елдер қабылданып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібі қаралды. Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығы құрамындағы елдер нақты ережелерді қабылдады.

Көкпардың ережесіне қатысты дау-дамай көп болды. Әсіресе тайқазан мен шеңберге келгенде пікірлер қақ жарылатын. Астанадағы кеңес нәтижесі бойынша осыған дейін қырықпышақ болып келген елдер ортақ ымыраға келді.

Тайқазан әлде шеңбер?



Көкпардың даулы тұсы осы еді. Бір елдер тайқазанды дұрыс деп білсе, енді бір елдер шеңбер тиімді екенін алға тартып келді. Астанадағы кеңес осы тартыстың шешімін шығарды. Енді халықаралық ереже бойынша шеңбер пайдаланылады.

Тайқазанның шабандоз бен тұлпарына тигізетін зияны көп-ақ. Оған соғылып жарақат алғандар қаншама. Бұл туралы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан тарқата айтты.

- Тайқазанда ойнау - қазақ пен қырғыздан өзге елдерде дамымай қойды. Расымен бұлай ойнау қиын. Атқа да ауыр, қаншама жігіттер майып болып та жатыр, - деді.

Тайқазанды алып тастап, шеңберге ойнау ережесін Моңғолия, Венгрия және Тәжікстан елдері ұсынды. Жалпы көкпар тарихында тайқазанмен ойнау кездеспейді. Тек соңғы 18 жыл ішінде осылай ойналып келген. "Бұл бір шетінен бизнес те" - дейді мамандар. Өйткені тайқазанды орнату мен жарақат алған тұлпарды алмастырудың өзі қыруар қаржыға келіп тіреледі.

Ипподром қандай болады?

Көкпар өтетін алаңның (ипподром) ұзындығы 200-220 метр болып бекітілді. Ал ені 65-75 метр болғаны құпталды.

Әр командада 12 шабандоз болады. Ал тайқазан орнына қабылданған шеңбердің диаметрі 3 метр болады.

Қанша уақытқа созылады?



Көкпар 20 минуттан 2 тайм ойналады. Тайм арасындағы үзіліс 10 минут болады.

Шабандоздар жасанды муляжбен тартысады

Көкпарда шабандоздар қошқар не серкемен тартысатын. Халықаралық жан-жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының қағидаларына қайшы келмес үшін бұлар 33-35 келі тартатын муляжға айырбасталды. Яғни, серкенің пішіні секілді жасалған тұлыппен ойнайды.

Өз елдерінде өздері қожа

– Әр елдің ішінде өтетін жарыстар өз тәртібімен өткізіле береді, ал әлемдік жарыстар жаңа ереже бойынша өтетін болады, – дейді Бекболат Тілеухан. Әр ел ішкі жарыстарын өз ережелеріне сай өткізгенмен, халықаралық ережені назарда ұстайтыны рас. Себебі халықаралық жарыстарда жоғары жетістікке жету үшін де тәжірибе керек. Солай ойнап үйренуі тиіс-ақ.

Айта кетейік, 2017 жылы "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен еді. Жарысқа АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Венгрия және өз еліміздің көкпаршылары қатысқан.  І әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрама командасы айыр қалпақты ағайындарды 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.

Алда көкпардан халықаралық жарыстардың саны да артпақ. Сәуір айының соңына қарай "Жастар жылына" орай Алматыда жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұған 8 елдің құрамасы қатысады деп күтілуде. Ал оған дейін наурыз айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында халықаралық көкпар сайысы өтеді. Бұл додаға да жастар құрамасы қатысады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жарнама

Жарнама