UFC рейтингін жаңартты. Шавкат Рахмоновтың орны белгілі

©Тұрар Қазанғапов

UFC барлық салмақтағы файтерлердің рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.

Бұл тізімде қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орнын сақтап қалыпты. Рейтинг көшбасшысы Камару Усман, ал одан кейін Белал Мухаммад тұр.

Жаңартылған рейтингте Шон Брэди алтыншы орынға көтерілген, ол бұл орыннан "Номадтың" кейінгі қарсыласы - Стивен Томпсонды ығыстырыпты. Ал бұл салмақта UFC чемпионы Леон Эдвардс.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport