UFC президенті тарихтағы ең ұлы файтерді атады

©UFC

UFC президенті Дана Уайт промоушеннің жеңіл салмақтағы экс чемпионы Хабиб Нурмагомедовты тарихтағы ең ұлы файтердің бірі деп атады, деп жазады Vesti.kz.

"Хабиб - тарихтағы ең ұлы файтерлердің бірі", - дейді UFC басшысы Лекс Фридманның подкастында. 

Уайттың сөзінше, қазіргі таңда ең ұлы файтер ауыр салмақтағы чемпион Джон Джонс екен.

"Хабибтің әлеуеті бар болатын, ол тарихтағы ең ұлы файтер атана алар еді деп ойлаймын. Тек ол ұзақ айқаспады, оның жарақаттары болды. Егер сәтсіздіктер болмағанда, ол карьерасын аяқтаған шыңға әлдеқайда ерте жетер еді", - дейді Дана Уайт. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport