UFC басшысы Хабибтің чемпиондық титулына қатысты мәлімдеме жасады

2 қараша 2020 09:20
Сурет: Sportbox

Карьерасын аяқтаған ресейлік Хабиб Нурмагомедов күрес чемпионатының (UFC) жеңіл салмақтағы абсолют чемпионы болып қала береді. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Нурмагомедов 24 қазанда Әбу-Дабиде өткен жекпе-жектің екінші раундында америкалық Джастин Гэтжиді жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпион атағын қорғап қалған болатын. Содан кейін ол карьерасы аяқталғанын мәлімдеген еді.

"Біз оған уақыт береміз. Ол чемпион болып қала береді", - деп келтіреді ESPN басылымы UFC басшысының сөзін.