UFC Арман Әшімовті өз тізіміне қосты

© vk.com/m1_mixfigh

Аралас жекпе-жек бойынша әлемдегі ең әйгілі промоушен UFC қазақстандық Арман Әшімовты өзінің ресми сайтына енгізген, деп хабарлайды Vesti.kz.

Google-дегі ақпарат бойынша, парақшаның 4 сәуірде жасалғанын байқауға болады. Дегенмен әзірге спортшының өзі немесе оның менеджері Саят Әбідрахмановтан ресми ақпарат болған жоқ. 

 

 

Айта кетейік, Арман UFC-мен келісімшарт жасау мүмкіндігінен екі рет қағылды. 2020 жылы пандемия салдарынан Дана Уайттың үміткерлер шоуына қатыса алмады, қазақ файтерге виза берілмеді. Өткен жазда Әшімов қарсыласын дәл жарыс алдында ғана білгенімен Сингапурдағы турнирге қатысуға келісім берді. Бірақ бұл жолы қарсылас тайқып кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport