"Терісін жыртып тастады". UFC чемпионы қолына ауыр операция жасатты

©UFC

Жартылай орта салмақта UFC ұйымының чемпионы нигериялық Камару Усман қолына ауыр операция жасады. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт Тwitter парақшасында хабарлады. 

"Әлемнің үздік спортшысы Камару Усман бүгін қолына ауыр операция жасатты. Мынау сурет операцияға дейін және кейін жасалды. Кездескенше, чемпион", - деп жазды Уайт әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтарында Дана Уайт Камару Усманның келесі қарсыласы шыққан тегі ямайкалық, бірақ қазір Ұлыбританияның намысын қорғайтын Леон Эдвардс болатынын айтқан еді. Содан кейін президент Усман мен польшалық Ян Блаховичпен кездесу өткізуді ойлап жүргенін де мәлімдеді. 

Еске салайық, Усман соңғы кездесуін 2021 жылдың 6 қарашасында Нью-Йорк қаласында UFC 268 турнирінде америкалық Колби Ковингтонға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: