"Тақтар ойыны" стилінде. Хабиб Фергюсонмен жекпе-жекке арнап постер жариялады

10 қаңтар 2020 10:48
© eurosport.ru
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жекке постер жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тақтар ойыны" телехикаясы стилінде жасалған коллажда ирландиялық Конор МакГрегор де бейнеленген.

"Тағы да тарихи дүние жасайық", - деп жазыпты файтер Instagram желісінде жариялаған постерінде.



Осыған дейін төрт рет өтпей қалған Фергюсон мен Нурмагомедов жекпе-жегі 18 сәуір Бруклиндегі UFC 249 турнирінде өтеді.

Нурмагомедов қыркүйекте Дастин Порьені жеңіп, UFC чемпионы титулын қорғап қалған. Фергюсон кейінгі кездесуінде Дональд Серронені жеңді. Фергюсон 28 жекпе-жектің жиырма бесінде жеңді де, үшеуінде жеңілді. Ал Нурмагомедов 28 кездесудің барлығын өз пайдасына аяқтаған.