Сот процесі өтіп жатқан Қуат Хамитов Ресейге жетіп мәлімдеме жасады

21 қаңтар 2021 11:17

Алматыда өзіне қатысты сот процесі өтіп жатқан қазақстандық файтер Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі өтетін Ресейге барып алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұма, 22 қаңтарда спортшы Магнитогорскте өтетін AMC Fight Nights турниірнде ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығады.

"Салмақ қуа бастадық", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде, Магнитогорсктегі жаттығу залында суретке түсіп.