Шавкат Рахмоновтың рекордына жеткен қазақ файтер мәлімдеме жасады

17 шілде 2023 10:38
©UFC

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Азат Мақсұм (17-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Азат UFC on ESPN 49 (UFC Vegas 77) турнирінде америкалық Тайсон Нэмді (21-14-1) төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. 

Америкалық сарапшы Рахмонов пен Гастелум айқасында кім жеңетінін ашық айтты

"Бұл менің ғана емес, бүкіл қазақ халқының жеңісі. Олар менің айқасымды, жеңісімді тамашлау үшін таң атпай тұрды. Осы үшін алғысымды білдіремін. Әлбетте UFC-дегі алғашқы айқасымды жеңістен бастағаным маңызды. 

Мен әлі бар мүмкіндігімді көрсеткен жоқпын. Келесі жекпе-жекте көбірек дүние көрсете аларыма сенемін. Әр айқас сайын ашыла түсемін. Менің қолымнан келетіннің әлі жартысын да көрмедіңіздер. Жаратқанның көмегімен мен осы дивизионда чемпион боламын", - дейді Азат. 

Айта кетейік, Азат осы жеңісі арқасында белгілі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектер статистикасымен теңесті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport