"Сендерді періп тастаған". Хамитов Қазақстан құрамасы жайлы қатты айтты

18 қазан 2023 15:29
©HFC MMA

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов Еуро-2024 іріктеуінің сегізінші турында Финляндияны ұтқан Қазақстан құрамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Магомед Адиев жаттықтыратын команда Хельсинкиде өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

"Жігіттер, сендерді үш күн бұрын періп тастаған! Не істесеңдер де, кімді ұтсаңдар да, күн-түн демей ауыр еңбекте маңдай термен тапқан ақшасын сендерге бергендердің қаржысын қайтара алмайсыңдар! Сендерге қарапайым адамдардың қалтасынан шыққан миллиардтар жұмсалды... 

Бірақ әлі де мүмкіндіктерің бар, әлем және Еуропа чемпионы атаныңдар, сол кезде халықтың қанша жылғы терін ақтайсыңдар, сонда сендерді құрметтеп, әңгіме жоқ деп айтады!

Ал әзірге мен үшін сендердің футболдарың құр ауа.

Осымен бұл әңгімені жаптық", - деп жазыпты Хамитов Instagram Stories-те.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport