"Саунада күреспек болды". Бұрымды файтер Чимевтің "есуастығы" жайлы

©Instagram

UFC промоушенінде өнер көрсететін Татьяна Суарес швециялық файтер Хамзат Чимаевқа қатысты қызықтарды айтып берді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Оның есі дұрыс емес, керемет жігіт. Қасыма келіп тебе салуы мүмкін. Ондай кезде мен: "Не болып қалды неге теуіп жатырсың?" деймін. 

Аздап есуастау, бірақ, сол үшін де мықты болар. Бірнеше күн бұрын менімен саунада күреспек болды. Дәл мына жерде болмас деп тоқтаттым", - дейді Суарес Helen Yee Sports YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport