Сарапшы Алмабаевтың UFC титулына айқасу мүмкіндігі жайлы ашығын айтты

11 тамыз 2023 10:16
© Instagram/Asu_Zulfikar57

MMA Sport сарапшысы, британиялық Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Асу Алмабаевтың UFC-дегі дебюті мен чемпиондық жекпе-жек туралы ашығын айтты. 

Алмабаев 6 тамыз Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турнирінің екінші раундында ямайкалық Оде Осборнды жеңген еді. 

"Алғашқы жекпе-жекті бұдан жақсы өткізу мүмкін емес шығар. Тәжірибелі қарсыласты екінші раундта жеңіп отыр. Тіпті қарсыластың өзінде ешқандай сұрақ пен күмән қалмады. Қазіргі таңда керектінің бәрі осы. Алайда чемпиондық амбиция туралы айту әлі ерте. Енді кемінде бірнеше жекпе-жек керек, екі-үш жыл уақыт өтеді. Егер ары қарай да өсіп отырса, титул туралы сөз қозғауға боалды", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport