Ресми! Жалғас Жұмағұлов UFC-гі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі

13 қазан 2022 06:18
©instagram/zhumagulov_zhalgas

UFC промоушені ресми түрде Жалғас Жұмағұловтың (14-7) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жұмағұлов 19 қарашада америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) айқасады. Жекпе-жек Лас-Вегастың (Невада, АҚШ) UFC Apex аренасында өтеді.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов 2020 жылдың шілде айында америкалық промоушенмен келісімшартқа отырған. Октагонда 1 рет жеңіске жетсе, 5 рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport