Рахмонов? Чимаев келесі кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды

© twitter.com/mma_lockerroom

Шешен ұлтының өкілі, швециялық файтер Хамзат Чимаев келесі кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.  "Игорь, как дела?" телеграм арнасының ақпараты бойынша, кездесу алдағы қазан айында өтеді. 

"Меніңше, Хамзат Чимаев келесі жекпе-жегіне 22 қазанда Абу-Дабидегі UFC турнирінде шығады. Қарсыласы кім болады деп ойлайсыздар? Ал АҚШ-та ол әлі кездесу өткізе алмайды. Визасы жоқ", - деп жазады ақпарат көзі. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Чимаев бразилиялық Алекс Перейрамен октагонға шыққысы келетінін жеткізген еді. Ал Рахмонов кеше ғана өткен баспасөз-мәслихатында келесі кездесуді қазанда Абу-Дабиде өткізу ең керемет мүмкіндік болатынын айтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport