"Өте мықты әрі ірі". Жалғас Жұмағұлов келесі қарсыласы жайлы

©instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақастандық файтер Жалғас Жұмағұлов келесі қарсыласы америкалық Кливленд Макнилмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz

"Қарсылас берді, уақыты белгіленді, дайындалып жатырмыз. Кливленд Макнил атақты емес, бірақ бұл жігіт өте мықты. Тәжірибелі, атыла кететін, соққысы жақсы және едәуір ірі. Дегенмен мен де бірінші күн жұдырықтасып тұрған жоқпын, тәжірибе бар, сондықтан жекпе-жек қызықты болады деген ойдамын. 

Мен дайынмын, қуатым тасып тұр. Дайындыққа уақыт аздау, алайда жеңу үшін бәрін жасаймын", - деп береді Жұмағұловтың сөзін SPORT+.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport