"Оған бұл белбеулер керек емес". Сарапшы Қуат Хамитовтың "Пираньямен" жекпе-жегі жайлы

23 қыркүйек 2021 16:00
©instagram.com/kuat__khamitov

Ресейлік журналист және ММА-инсайдер Игорь Лазорин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қуат "Найман" Хамитовтың AMC Fight Nights турниріндегі жекпе-жегіне қатысты мән-жайды айтып берді. 

Жұма, 24 қыркүйек Сочиде (Ресей) 33 жастағы Хамитов кештің басты айқасында "Пиранья" лақап атты ресейлік Мариф Пираевпен (26-4-1) жұдырықтасады.

- Бұл кездесу неге дүркіреп кетті, хайпы неде?

- Негізі оны көпшілік таниды. Енді бұл жерде Камил Гаджиевті (промоушен президенті) де атап өту керек, осыны қызып тұрған шағында іліп әкетті. Бұл спортшылардың атағы арқасында жарнамаланып тұрған жекпе-жек. 

 - Бұл кездесуде кім фаворит?

- Меніңше, Марифте біраз басымдық бар. Дегенмен нақты айту қиын. Үш раундты айқас, бес раундқа қарағанда күш сарқылмайды. Кімнің күші тасып тұрғанын көреміз.

- Қуат толыққанды чемпиондық белбеуге таласа ала ма?

- Оған бұл белбеулер керек емес деп ойлаймын. Аты шыққан, соның арқасында жақсы табыс көре алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport