ММА шебері Жұмағұловтың айқасына қатысты шындықты ашып айтты

14 маусым 2022 11:59
©UFC

Аралас жекпе-жек шебері Артем Резников қазақстандық Жалғас Жұмғұловтың америкалық Джефф Молинамен жекпе-жегінде төрешілер неге осындай шешім шығарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас UFC Vegas 56 турнирінде өтіп, төрешілер жеңісті Молинаға берген еді.

- Жұмағұловтың жекпе-жегіне қатысты не айтасыз?

 - Меніңше, Жалғас раунд бойынша жеңген еді.

- 2-1?

- Иә. Ал неге жеңісті бермеді? Өйткені бір жақта жеңіс сериясымен келе жатқан жас жігіт және екінші жақта бірнеше рет жеңілген жасы келген спортшы. Теңдей айқас. Әлбетте болашағы бар файтерге басымдық береді. Соны тартады. 

- Қазақстанда трансляция сатып алатын көрермен жоқ, демек, пайда да келмейді, содан да емес пе?

- Бізде ММА, бокс және жекпе-жектерді жақсы көреді. Жанкүйерлер мықты. Бізде де трансляция сатып алатындай болатын шығар.

"Иісі де шықпайды". Жұмағұлов UFC-дегі айқасы жайлы ойын ашық айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport