МакГрегордің жеңілісі Хабибтің соңғы жекпе-жегінен екі есе артық PPV жинаған

27 қаңтар 2021 10:42
Сурет: USA Today

Конор МакГрегордің UFC 257 турниріндегі Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегі 1,6 миллион ақылы трансляция (PPV) жинады, деп хабарлайды USA Today.

Бұл промоушен тарихындағы үшінші көрсеткіш. Ал бұдан асып түскен екеуінде де Конордың қатысы болған. Осылайша, PPV сатылымы бойынша бірінші орында Хабиб Нурмагомедовке қарсы 2018 жылғы жекпе-жегі - 2,4 миллион. Екінші орында - 2016 жылғы МакГрегор мен Нэйт Диастың екінші кездесуі - 1,65 миллион.

Осылармен салыстырғанда Нурмагомедовтің былтыр өткен Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жегі сәтсіз болды - 675 мың PPV.

Айта кетейк, бір PPV құны 64.99 долларға дейін жетеді.