Макгрегор октагонға шығуына қатысты құпия мәлімдеме жасады

26 сәуір 2022 06:28
©globallookpress

UFC-дің екі салмақта экс-чемпионы Конор Макгрегор октагонға оралуына қатысты құпияға толы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Оң хуктың дәмі, сені күтіп алам, жуырда...", - деп жазды ирланидялық спортшы инстаграм парақшасында.

UFC президенті Дана Уайт Макрегордың октагонға шығуына әлі дайын еместігін және дәрігерлер рұқсат еткенде ғана қарсылас іздестіретінін айтқан еді.

Еске салайық, Макрегор соңғы рет 2021 жылдың 11 шілдесінде UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьемен төбелесті. Бірінші раундта Порье жеңіске жетіп, Конор аяғын сындырып алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport