Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор (21-3 в ММА) бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық боксшы Пол Малиньяджимен (36-8, 7 КО) ережесіз жекпе-жек ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге алдын ала келісімін берді. Бұл туралы ирландиялық спортшының бапкері Джон Кавана айтты.
"Конор шынымен Полмен сегізбұрышта кездескісі келеді. Ол сонымен қатар жекпе-жекті ұйымдастуры туралы келісім де берді. Бірақ, мен оған Малиньджи лайықты қарсылас емес екенін айттым", - дейді Кавана BoxingScene порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджи 2017 жылдың наурыз айында Сэм Эггингтоннан (21-3, 13 КО) жеңілгеннен кейін бокспен біржолата қоштасып кетті.
Ал кіші Флойд Мейвезермен (50-0, 27 КО) өтетін кездесудің алдында Конор Макгрегор Малиньяджиге спарринг қарсыласы болуды ұсынды. МакГрегормен бірнеше уақыт спарринг қарсыласы болып келген Малиньяджи ирландиялық спортшының командасынан жанжалмен кеткен болатын.
Жарнама