Қуат Хамттов әлемдегі ең мықты промоушенге неге өтпегенін түсіндірді

25 тамыз 2023 12:07
©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов (25-7-2) журналист Ғалым Сүлейменге берген сұхбатында UFC-де өнер көрсеуге мүмкіндігі болғанын айтты.

- UFC немесе Bellator промошуендерінде неге өнер көрсетпедің? Мүмкіндік болмады ма әлде деңгейің жетпеді ме? 

Деңгей жетті, тіпті ұсыныс та болды. Бәрі демеушілік пен қаржыға келіп тіреледі. Мен инстаграмда UFC-ге шыққалы жатқаным жайлы да жазғанмын. Ол кезде онда ауыр салмақта Шейн Карвин уақытша чемпион еді. Ол өзі менің инстаграмыма: "Қуат, маған сенің рекордың ұнайды" деп жазған. Ол кезде мен Азияда бақ сынап жүргенмін. Tapology деген сайт рейтингі бойынша 70 келі салмақта бірінші орында болғанмын. Сол кезде АҚШ-тан менеджерлер мен Карвиннің өзі хабарласып, "саған көмектесе аламыз, аздап күте тұр" деген. Біз келісіп, әркез байланыста болдық. Осы сәтте UFC басқа компанияға сатылып кетті. Одан кейін Карвин де, менеджерлер де байланысқа шықпады. Мен Fight Nights ұйымына кеттім, - деді спортшы. 

Айта кетейік, бұған дейін "Найман" ресейлік ММА жұлдызы Александр Шлеменкоға (65-15) қарсы жекпе-жек өткізетіні жайлы хабарлаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport