Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі белгіленді

14 тамыз 2023 15:08
©instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (24-8-1) келесі айқасы туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"20 қазанда менің келесі жекпе-жегім өтеді. Қай ұйымда деп ойлайсыздар?", - деп жазды Қуат Instagram желісінде. 

Хамитов кейінгі рет мамыр айында Алматыда өткен Hardcore MMA лигасының турнирінде жұдырықтасып, ресейлік Залимхан Юсуповты (19-15) төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport