Қазақстандықтың миллион долларлық турнирдегі бразилиялықпен айқасының толық видеосы

18 маусым 2022 12:59
©АСА

Бүгін, 18 маусымда қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat (АСА) турнирінде төртінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гран-при АСА ширек финалында Резников UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Сочиде өткен АСА 140 турнирінің басты оқиғасы болды.  Қарсыластар толық бес раунд жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Резниковке берді. Осылайша, қазақстандық Гран-при жартылай финалына шықты.

Назарларыңызға осы жекпе-жектің толық видеосын ұсынамыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport