"Қазақстандық Титан" алдағы "Халкпен" жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/qazaqtitan

"Қазақстандық Титан" аталып кеткен Алмат Жұманов "Иранның Халкі" атанған Саяд Гарибиге қарсы кездесуге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады vRinge порталы. 

Бұл айқас 31 шілде күні Дубай (БАӘ) қаласындағы Dubai P7 Arena спорт кешеніне өтеді. 

Айқасты Wicked N' Bad компаниясы ұйымдастыруда. Жекпе-жек екі минуттан төрт раунд болады. 

"Әзірше мені көпшілік қатты тани бермейді. Бірақ 31 шілде күні менің күшімді көресіздер. Дубай қаласының тарихында ең үлкен шоу ретінде есте қалатындай өнер көрсетемін", - деді Жұманов. 

Айта кетейік, "Қазақтың Титаны" биыл сәуір айында әскери АН-72 ұшағын орнынан қозғап, Гиннестің рекордтар кітабіна кірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: