Қазақстандық ММА-де ең үлкен. Қуат Хамитов ресейлік аңызбен айқастағы гонорар туралы айтты

6 қыркүйек 2023 09:15
©instagram.com/kuat__khamit

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік Александр Шлеменкомен жекпе-жек үшін карьерасындағы ең үлкен гонорар алады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу 29 қыркүйек Мәскеуде өтетін Top Fight лигасының турнирінде болады. 

"Бұл өте үлкен ақша. Келіссөз бір соммадан басталып, аяғында үш есе көп белгіленді. Бұл қазақстандық ММА-дегі ең үлкен гонорар. Ешкім менен артық алады деп ойламаймын", - дейді Хамитов "Вестник MMA" арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport