Қазақстандық файтер UFC-дегі жолын Хабибтің кардындағы жекпе-жектен бастайды

18 тамыз 2020 09:35
Сергей Морозов. Сурет: M1©
Қазақстандық Сергей Морозов 24 қазанда UFC-дегі дебютін өткізеді. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Морозовтың жекпе-жегі UFC 254 турнирінде өтеді. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи кездеседі. Турнир Әбу-Дабидегі (БАӘ) Жауынгерлер аралында өтеді.

Морозов UFC-ге аса жеңіл салмақта M-1 Global чемпионы ретінде ауысты. Ақтөбе тумасы соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізіп, америкалық Джош Реттингхаусты төрешілер шешімімен жеңген болатын.

31 жастағы Морозов ММА-дегі карьерасын 2008 жылы бастаған. Еншісінде 16 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. UFC-дегі қарсыласы кешірек хабарланады.