Қазақстандық файтер UFC-де үшінші жеңісіне жетті

18 желтоқсан 2022 12:20
©UFC

Жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-де үшінші жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сенбіде Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде 33 жастағы ақтөбелік спортшы америкалық Джурни Ньюсонға қарсы жекпе-жекте ивент кардын ашты. Үш раундқа созылған айқаста төрешілердің шешімімен Морозов жеңді - 30-27, 29-28, 29-28.

Сергей үшін бұл жеңіс карьерасында он тоғызыншы және UFC-дегі бес жекпе-жегіндегі үшінші жеңіс. Айта кетейік, бұл кездесу қазақстандық спортшының әлемдегі ең әйгілі промоушенмен жаңа келісімшарты бойынша бірінші айқасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport