Қазақстан тумасы UFC турнирінің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпионды нокаутқа түсірді

10 шілде 2022 12:31
©Zuffa LLC

Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев UFC турнирінің басты жекпе-жегінде танымал бразилиялық файтер Рафаэль Дос Аньосты жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 58 турнирінің басты айқасы болады. 

Физиев үшін аталған айқас карьерасындағы бірінші бес раундтық жекпе-жек болды. Ал Дос Аньос болса осыған дейін мұндай кездесулердің талайын өткізген. 

Айқас барысында екі файтер де тең өнер көрсетті. Осылайша, төрт раунд өтті. Ал бесінші раундта Қазақстанның тумасы қарсыласы нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, осылайша Физиев UFC ұйымындағы жеңіс сериясын алты кездесуге дейін жеткізді. Оның еншісінде бір жеңіліс бар. Дос Аньостың болса екі жеңістен тұратын сериясы аяқталды. 

Еске салайық, Физиев Қордайда (Жамбыл облысы, Қазақстан) дүниеге келген. Ол 12 жасына дейін сонда тұрған. Кейін файтер отбасымен бірге Қырғызстанға көшіп кеткен. Ал осы жекпе-жекте ол Әзірбайжанның атынан шықты. 

Дос Аньос 2015 жылы Энтони Петтисті жеңіп, UFC чемпионы болды. Кейін белбеуін Дональд Серронеге қарсы кездесуде сәтті қорғап, америкалық Эдди Альварестен жеңіліп, белбеуінен айырылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: