auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қадала бастадым". Еркебұлан Тоқтар күтпеген мәлімдеме жасады

"Қадала бастадым". Еркебұлан Тоқтар күтпеген мәлімдеме жасады
©instagram.com/erkebulan_toktar

Танымал актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұрын ойынқұмар болған. 

"Достар, осыдан 3 жыл бұрын, өмірімнің түбіне келіп тірелдім. Ол қалай болды? Бәрі ставка тігуден басталды. Жарты жыл бойы ұтып, анау-мынау шығыныма, таксиге төлейтін ақшамды тауып жүрдім. Бірақ бірте-бірте "қадала" бастадым. Еңбекпен тапқан ақшамды "қадап", несиеге кіре бастадым. Банк бермейтін болғасын, ақырындап микрокредиттік ұйымдарға бас сұқтым. Кім береді, солардың бәрінен алғанмын. Әлі есімде,  желтоқсан еді, соңғы рет микрокредиттік ұйымнан 60 мың теңге берді. Соны 20 мың теңгеден үш рет салып, ұтылып қалдым. 9 желтоқсан мамамның туған күні еді. Өзімді сорлы адам сезіндім. Бір тиын ақша жоқ. "Қандай адаммын мен, әке-шешеме ел қатарлы сыйлық бере алмадым, інілеріме дені дұрыс аға да боп жарытпадым" деп күйіндім. Содан өзімді қолға алам деп, іштей серт беріп, спортты қолға алдым", - дейді Еркебұлан.

Ол осы тығырықтан өзін спорт пен дін алып шыққанын ашық айтты.

"Жаттығу залына баруға да ақша керек. Сол үшін тегін зал іздедім. Сырым Бектұрсын деген досым "кел, тегін жаттық" деді. Бірақ оған баруға да жол керек. Айдын Жұмахан деген әнші досымды бірге жаттығуға үгіттеп, соның машинасымен барып жүрдім. Бірте-бірте тіл үйрендім. Одан кейін дінге қызықтым. Спортта әжептеуір жетістікке жете бастадым. Үш айдан кейін медиа-боксқа қатысу туралы ұсыныс түсті. Бір украиналық боксшыны жеңіп, содан мені үлкен ағалар назарға алып, бірге жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Келісімшарт жасаса бастадық. Солай мен алдыңғы қарыздарымды жауып, қалыпты өмірге қайта оралдым. Бұл видеомен айтқым келген нәрсем, қандай қиындыққа тап болсаңдар да еңбек пен әрекет керек. Өміріңнің түбіне келіп, тіреліп тұрсаң да берілме, біліміңді шыңдап, тығырықтан шығудың жолын қарастыру керек", - дейді спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама