Жеңіліп көрмеген файтер Шавкат Рахмонов туралы ойын бүкпесіз айтты

21 шілде 2023 10:30
©mmafighting.com

Ұлыбритания атынан өнер көрсететін және жеңіліс көрмеген дағыстандық файтер Мухаммад Мокаев қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді. 

"Шавкат Рахмонов. Бұл спортшы маған өте ұнайды. Майамиде болғанымызда кезігіп қалдық. Олар басқа залда жаттығады ғой - Kill Clif-те, ал біз American Top Team-да. Залдар бір-бірімен аса жақсы қатынаста емес. Бірақ онымен кездесіп қалғанымыз бар. Ол қарапайым жігіт. Жекпе-жекте қандай болса, өмірде де сондай", - дейді Мокаев "Вестник ММА" YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport