Жалғас Жұмағұловтың МакГрегордың кардындағы жекпе-жегі UFC тунирін ашады

21 қаңтар 2021 11:59
Сурет: Fight.ru

Сенбіден жексенбіге қараған түні Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында UFC 257 турнирі өтеді. Бұл жарыста қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (13-4) пен швециялық Амир Альбази (13-1) жұдырықтасады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC 257 турнирінің басты оқиғасы америкалық Дастин Порье (26-6-0-1) мен ирландиялық Конор МакГрегор (22-4) арасындағы айқас болады. 

Жұмағұлов пен Альбази жекпе-жегі турнирді ашып, алдын ала кардтағы бірінші кездесу болады. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 24 қаңтар сағат 5:15-те басталады. Басты кард сағат 9-ға жоспарланған, ал Порье мен МакГрегор шамамен сағат 11-де жұдырықтасады. 

Еске салайық, Жұмағұлов промоушендегі бірінші жекпе-жегін UFC 251 турниірнде өткізіп, бразилиялық Раулиан Пайваға (20-3) есе жіберген.