Хабиб Нурмагомедов көпшіліктің алдына шығып сөйлегені үшін 300 мың доллар алады екен

30 маусым 2020 14:56
thenational.ae©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов іс-шараларда көпшіліктің алдына шығып сөйлегені үшін 300 мың доллар сыйақы алады, бұл туралы спортшының менеджері Али Абдель-Азиз айтты. 

Бұған дейін Нурмагомедовтің Forbes нұсқасы бойынша "40-40" рейтингін бастаған болатын. Басылымның мәліметі бойынша, спортшы бір жылда 16,5 миллион доллар табыс тапқан екен. Материалда Нурмагомедов 2019 жылы Ресей жерінде үлкен жиындарда көпшіліктің алдына шығып сөйлегені үшін 5,5 миллион рубль сыйақы алғаны жазылған. Ал Ресейден тыс жерде спортшының әрбір іс-шарасының құны есе есе қымбат болады. 

"Бұл шамалы қате ақпарат. Оның бір күндік іс-шарасы 300 мың (доллар) тұрады", - деп жазды Абдель-Азиз твиттер парақшасында. 

Еске салайық, Нурмагомедовтың келесі жекпе-жегі Абу-Даби қаласында UFC 253 турнирінде өтеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақтың уақытша чемпионы Джастин Гэтжи болуы мүмкін.