"Бұл жекпе-жек бәрін өзгертуі мүмкін". Сарапшы Рахмоновтың басты кемшілігін атады

©Вестник ММА

Белгілі mmadna.nl порталының редакторы Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Шавкат Рахмонов (14-0) пен гайаналық Карлстон Харрис (17-4) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

Бұл айқас жексенбі, 6 ақпан Лас-Вегастағы UFC турнирінде өтеді, басталуы шашамен 07:30. 

"Рахмонов тамаша әрі талантты спортшы. Ол жан-жақты. Түрлі стилде жұдырықтаса алады. Оның жоғары әлеуеті әлі ашылған жоқ. Өзіне назар аударту жағы кемшін. Жекпе-жек кезінде арыстандай, алайда, шаршы алаңнан сырт жерде өте тыныш. Мүмкін алдағы айқас бәрін өзгертер. Егер ол тағы да тамаша жеңіс көрсетіп, өз жоспарлары туралы ашық айтса, жолы ашылар", - дейді Дорф. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии