Бапкер Шавкат Рахмоновтың бокстағы шеберлігіне таңқалды

13 қазан 2022 09:02
©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) бокс бапкері Юрий Чернобровкинмен жаттығу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. Маман жаттығу видеосын жариялап, Шавкаттың жұдырықтасу шеберлігін жоғары бағалады. 

"Шавкатпен тамаша жаттығу өткіздік! Бокстағы дағдыларына таңқалдым, сәл дайындалса, бокстан жарысқа да шыға беруіне болады. Талантты адам бар жағынан талантты деп бекер айтпайды ғой. Шавкат - өз халқының лайықты ұлы, мықты және өте қарапайым! Сүйікті ісіңде сәттілік саған Шавкат, әлемдік аренада жарқын жекпе-жектер мен әдемі жеңістер тілеймін!" - деп жазыпты Чернобровкин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport