Ауыр салмақтағы британиялық спортшы UFC рекордын орнатты

23 наурыз 2022 16:39
©FightTime

Ауыр салмақта британиялық файтер Том Аспиналл Лондонда өткен UFC Fight Night 204 турнирінде ресейлік Александр Волковты бірінші раундта жеңді, деп хабарлайды "Чемпионат". Осы айқаста Аспиналл рекорд орнатты. 

Британиялық спортшы UFC-дегі бес жекпе-жегінде жеңіске бәрінен бұрын жеткен. Волков, Сергей Спивак, Андрей Орловский, Алан Бодо және Джейк Кольені жеңуге Аспиналл 14 минут 24 секунд жұмсаған. Бұл тіпті стандартты үш раундты кездесуден де аз уақыт. Бұл көрсеткіш бойынша Том әйгілі Ронда Роузиден асып түскен - 17 минут 23 секунд. Ал тізімде үшінші Фрэнк Мир (19 минут 28 секунд).

Қазіргі таңда шешен файтер Хамзат Чимаев бұл рекордтан асып түсуге жақын. Ол төрт жекпе-жекте 7 минут 54 секундта жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport