Америкалық файтер Петр Янды қолдаған UFC басшысын сынға алды

14 сәуір 2022 18:23
©instagram.com/ufcrussia/

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы америкалық Алджамейн Стерлинг ресейлік Петр Янға қолдау білдірген промоушеннің басшысы Дана Уайтты сынға алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Алджамейн Стерлинг пен Петр Ян арасындағы кездесу UFC 273 турнирінде өтіп, төрешілердің шешімі бойынша америкалық жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Ян төрешілер оның жеңісін "ұрлап" алғанын айтты. Ал Уайт болса осы кездесуде қазылық жасаған төрешілерді сынап тастады. 

"Дана Уайт кез-келген сәтте мені жамандап қалуға тырысады. Менің ойымша, Янды тым асыра бағалап жіберді көпшілік. Сол үшін оның жеңілісі жұртты таңғалдырды. Әсіресе бірінші кездесуден кейін. Уайт ол кездесуде менің мүлде мүмкіндігім болмайды деп ойлады. Енді қазір олар өзін жайсыз сезініп жүрген шығар. Себебі, мен олардың жоспарын бұзып жібердім. 

Негізі біз Уайтпен жақсы сөйлесеміз. Алайда әңгіме жекпе-жекке келгенде ол мен сияқты грэпплерді ұнатпайтынын көрсетіп қояды", - деп келтіреді Стерлингтің сөзін bjpenn.com порталы.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport