Алмабаев UFC-дің қомақты сыйақысын қайда жұмсайтынын ашық айтты

©mmajunkie.usatoday.com

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев "Вестник ММА" YouTube арнасына берген сұхбатында UFC on ESPN 50 турнирінде ең мықты өнер көрсеткені үшін төленетін 50 мың доллар көлеміндегі бонусты қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алмабаев 6 тамыз Нэшвиллде өткен турнирде ямайкалық Оде Осборнды екінші раундта жеңген болатын. Бұл Асудың UFC-дегі алғашқы айқасы болды. 

- Бонусқа оралайық. 50 мыңды (доллар) қайда жұмсайсың?

- Ақыры көлік алатын шығармын (күледі). Қанша уақыт болды, бір-екі жылдай жаяумын. 

- Қандайын алғың келеді?

- Әлі қараған жоқпын, ақшаны алайық, сосын көреміз. 

-  Демек UFC төлемді бірден жасмайды ғой...

- 10 жұмыс күнінен кейін береді, келісімшартта солай делінген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport