auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам Арман Оспановқа қолдау білдірді

Қанат Ислам Арман Оспановқа қолдау білдірді
Сурет Қанат Исламның Instagram парақшасынан алынды
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдарының чемпионы Қанат Ислам ережесіз жекпе-жектен ел намысын қорғап жүрген Арман Оспановқа қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, кеше ережесіз жекпе-жектен WSOF біріншілігі өзінің 35-ші турнирінде өнер көрсететін спортшылардың тізімін шығарды. Өкінішке қарай, Арман Оспанов пен Стивен Родригез арасындағы жекпе-жек бұл кешке кірген жоқ. Оған Арман Оспановтың қанынан табылған допинг себеп болыпты. WSOF басшысы Рей Сефоның айтуынша, оған Арман Оспановтың Марокко елінде өткен əскери самбодан əлем біріншілігінен кейін біздің спортшының қанынан табылған допинг табылғаны және спортшымыздың 4 жылға спорттан шеттетілгені жетіпті. Сол себепті де оны WSOF ұйымының жекпе-жек кешіне қатыстырмай қойыпты. 

Осы мәселеге байланысты бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдарының чемпионы Қанат Ислам Арман Оспановқа қолдау білдіріп, спортшымызды жігерлерді. 

"Арман, сен қазақтың батырысың! Сен чемпионсың! Оны қаншама рет дәлелдедің. Әлемдік додаларда ел намысын қорғадың, көк туды желбіреттің. Қазақтың жұдырығы ауыр, жігері мықты, намысты ұлт екенін мойындатқан жаужүрек спортшысың. Ринг сыртында да күрес бар. Бұл айқаста да жауырының жерге тимейтініне сенемін. Шын мықтыға түрлі сынақтар келеді. Бұл жерде де қасқайып тұрып беру керек. Бұл жерде де еңсені тік ұстау керек. Мойымау керек. Әлемдік аренада әлі де ұлттың абыройын асқақтатып, туын желбірету үшін саған бұл сынақты да жеңу міндет. Өзің үшін емес, артыңнан еріп келе жатқан, еліктеп жүрген інілерің үшін, ұлтыңның келешегі үшін саған тоқтамау керек. Әлсіздер ғана әр сөзге алаңдап, кім не деп жатыр деп жалтақтап жүреді. Сұңқар биікте самғайды. Сен батырсың. Өзіңнің орның бар. Оны ешкімге берме! Мықты екеніңді әлі талай дәлелдейсің. Ол күн де алыс емес! Мен саған сенемін!", - деп жазба қалды Қанат Ислам өзінің Instagram парақшасында
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама