Единоборства
5 желтоқсан 2018 17:30
 
МакГрегор Нурмагомедовпен төбелеске қатысты істі тыңдаудан "жалтарып" кетті

  Пікірлер

blog.share

МакГрегор Нурмагомедовпен төбелеске қатысты істі тыңдаудан "жалтарып" кетті © matchtv.ru

Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен UFC 229 турниріндегі жекпе-жектен кейінгі төбелеске қатысты істі қарауды шегеруді сұрады. 

Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) алғашқы отырысы 24 қазанда өткен. Ол кезде екі спортшы да 10 желтоқсанда өтетін келесі тыңдауға дейін шеттелген болатын. Қорытынды тыңдауға екі спортшыны да келуге міндеттелген. 

Алайда МакГрегордың заңгерлік командасы файтердің NSAC-тың тәртіптік комиссиясының отырысына келмеуге рұқсат алды.

Осылайша, Нурмагомедовке қатысты істі тыңдау күні өзгеріссіз қалды. Ал МакГрегорга қатысты отырыс қай күнге қойылатыны белгісіз. 

Жарнама

Живи спортом!