"Канелоның" промоутері өзін екі жүзді деген UFC президенті жауап берді
© akboxing.ru
UFC президенті Дана Уайт белгілі промоутер Оскар Де Ла Хойяны екі жүзді және нашақор деп айыптады. Промуотер 2011 жылы есірткімен қиындығы болғанын мойындаған еді. Алайда Уайттың сөздері Golden Boy Promotions басшысының шамына тиген сияқты.
"DAZN-мен жолымыз болғандығы Дананың намысын жер қылып, оны үрейлендіріп отыр. Сол себепті он жыл бұрынғыны бықсытуда. Бокс одан бас тартқан, енді ММА файтерлері де оның баю үшін денсаулықтарын қауіпке тігуге болмайтынын түсінді.
Golden Boy өсіп, өрбіп келеді. Дана аузын жауып, компаниясын сақтап қалу жолын ойлау қажет", - дейді Де Ла Хойя.
Golden Boy Promotions ұйымдастырған алғашқы ММА турнирі 24 қарашада өтті. Бұл кештің басты жекпе-жегінде 43 жастағы Тито Ортис 48 жастағы Чак Лиделлді нокаутқа түсірген. 2010 жылы Дана Уайт денсаулығына қауіп барын айтып, Лиделлден карьерасын аяқтауды сұраған.

Жарнама