auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Тарихтағы алғашқы қазақ болғандықтан мойнымдағы жауапкершілік үлкен". Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жек жайлы

"Тарихтағы алғашқы қазақ болғандықтан мойнымдағы жауапкершілік үлкен". Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жек жайлы
© Ria56.ru
Ресейдің Орынбор облысында туған этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі алғашқы қарсыласына баға берді. 

Исмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегін 2 желтоқсан Аустралияда болатын UFC Fight Night 142 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы "Хитман" лақап атты жергілікті Алекс Горджес.

"Алекс Годжес -жақсы қарсылас, жеті рет жеңіп, бір жеңілісі бар. Қолымен соққы көп жасайды. Дегенмен Аустралияда грэпплинг пен джиу-джитсу жақсы дамығанын білемін, мен оған қарсы тұруға дайынмын. Бұл мен үшін де, ол үшін де мүмкіндік. Шегіну ойымда жоқ. UFC-ге шығатын тарихтағы жалғыз қазақпын. Сондықтан маған қазір тек Қазақстаннан ғанан емес, бүкіл Ресей мен әлем бойынша жазып жатыр. Аустралияға ұшып барып, маған жанкүйер болатындарын айтады. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік", - дейді Дамир RIA56.RU басылымына берегн сұхбатында.

Исмағулов дайындығы жайында және бұрын-соңды климатқа бейімделуді бастан өткермегенін айтады. Дамирмен бірге Аустралияға бапкері Игорь Фунтиков және бауыры Шыңғыс барады. Ол муайтай, боксшы және балуандармен жиын өткізгенін айтады. Дамир көбіне Орынбордағы "Боец" клубында жаттыққан. 

"Достар бұл әуежайдан UFC-ге ешкім ұшпапты дейді, Аустралияға ұшқан болар, бірақ, UFC-ге емес", - деп қалжыңдады спортшы сапары алдында. Барлықтарыңызға қолдау мен түсіністік үшін алғыс білдіремін. Бұл жекпе-жекте қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. 

Бастапқыда Исмағұлов UFC-де Джозеф Даффимен жұдырықтасу керек болатын. Бұл файтер кезінде отандасы Конор МакГрегорды жеңгенімен белгілі. Алайда ол жарақатына байланысты шоуға қатысудан бас тартты.

Исмағұловтың UFC-мен келісімшартқа отырғаны қарашаның ортасында белгілі болған. Дамир бұл промоушенмен келісімшарт жасасқан екінші қазақ, мұның алдында Қытайда туған Жұмабек тұрсын осы ұйыммен келісімге келген. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама