Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мұсылмандардың қасиетті орындарына сапар шегуге көмектескен қазақстандықтарға алғысын білдірді.
13,3 миллион адам тіркелген ресми Instagram парақшасында Нурмагомедов жақында келіп жеткен Сауд Арабиясының суретін жариялады.
"Алланың үйі - Қасиетті Мекке мен Мединаға қайта келу мүмкіндігін сыйлаған Қазақстандағы бауырларыма рахмет", - деп жазыпты Нурмагомедов 1,4 миллион лайк жинаған суретінің астына.
Жарнама