Бокстан бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион америкалық Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың (27-0) жекпе-жекке шақыруын қабыл етті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Мұның алдында Нурмагомедов Mayweather Promotions бас директоры Леонардо Эллербемен кездесіп, Мейвезерге "орманда жалғыз ғана патша болады" деп жекпе-жек өткізуді ұсынған. Бұған жауап ретінде америкалық CBS және Showtime теледидар желілері мен өз атындағы, сонымен бірге, T-Mobile аренасына иелік ететін MGM Grand компаниясына мәлімдеме жасады.
"CBS, Showtime және MGM Grand - ақша дайындаңдар. Хабиб мені жекпе-жекке шақырды. Лас-Вегасты қайтадан ұлы етейік", - деді Мейвезер твиттер арқылы.
Алайда Нурмагомедов америкалықпен қай спорт түрінде сайысқысы келетінін нақтыламады. Ал мұның алдында Мейвезер UFC промоушнында жұдырықтасуы мүмкін екенін айтқан.
Жарнама