Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жектен кейін болған төбелеске қатысты алғашқы отырыстың қашан өтетіні белгілі болды.
"Чемпионат.com" мәліметінше, Невада штатынынң атлетикалық комиссиясы МакГрегор мен Нурмагомедовты 24 қазан, жекпе-жектен кейінгі оқиғаға қатысты бірінші отырысқа дейін шеттеу туралы шешім шығарды. Осы күні комиссия мүшелері тергеу аяқталғанға дейін файтерлерді шеттеуге қатысты шешімді дауысқа салады.
Жарнама