auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Нурмагомедов пен МакГрегор жекпе-жегі жаппай төбелеспен аяқталды

Нурмагомедов пен МакГрегор жекпе-жегі жаппай төбелеспен аяқталды
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды.

Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ.

Бірінші раундты ережесіз жекпе-жек шеберлері партерде өткізді. Хабиб күресу арқылы қарсыласын қыспаққа алып, әдіс жасауға асықты. Ирландиялық спортшы сәтті қорғана білді.

Екінші раундта спортшылар тұра жүріп жұдырықтасты. Хабибтің тура бір соққысы Конорды бір есеңгіретті. Ал раунд соңына қарай ирландиялықты гонг дауысы құтқарып қалды. Үшінші раундта октагондағы шайқас теңескендей көрінген. Төртінші раундта ресейлік күткен әдісін жасады. Конорды тұншықтыру арқылы, жеңілгенін мойындатты.



Жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты.  Ресейлік спортшы ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірді. Ал UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонға шыға сала Конормен шайқаса кетті. Тәртіп сақшылары жағдайды реттеп, екі спортшыны алаңнан алып шығуға асықты.



Жаппай төбелеске қатысты UFC шешімі қандай болатыны белгісіз. Бұған қатысты ұйым алдағы уақытта өз шешімін шығаратын болады.

Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама