auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қыздар университетінің студенті жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды

Қыздар университетінің студенті жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды
Әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА нұсқасы бойынша VI Қазақстан чемпионатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Аян Тұрсын алтын медальға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі оқу орнының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Республикалық ережесіз жекпе-жек Федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. 52,2 келі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Аян Тұрсын жарыс жолында қарсыластарынан ұпай санымен басым түсті. Ал, финалда клубтасы Толқын Дәуренбекованы техникалық нокаутпен жеңіп, мерейі үстем болды. Жеңімпазды бокстан Қазақстанның сегіз дүркін және әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай марапаттады.

"Бүгінде дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі - жекпе-жек өнері жандана түсуде. Оның ресми ережелері бекітіліп, дара спорт түрі ретінде тіркелді. Осы тақілеттес турнирлер талантты жастарды анықтауға септеседі. "Дене шынықтыру және спорт" мамандығында білім алып жүрген Аян ережесіз жекпе-жекпен бірнеше жылдан бері айналысады. Ол бұған дейін көптеген жарыстарда қарсылас шақ келтірмеді. Алдағы уақытта да талай бәсекелесін шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол еңбекқор және төзімді. Бұл қасиеттер спортта толағай табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - дейді Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Әлия Еселбаева.



Аян Тұрсын 1994 жылғы 23 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Аталған спорт түрімен 10 жылдан бері айналысып келеді. Жас спортшының қоржынында қазір 25 алтын, 16 күміс, 15 қола медаль бар. Атап айтқанда, А. Тұрсын әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА версиясы бойынша Азия чемпионатының күміс медаль иегері, ушу-сандадан екі дүркін ел чемпионы, татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар, ол таэквондодан, ушудан және жекпе-жектен спорт шебері.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама