auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Конордан кез-келген нәрсені күтіге болады". Қуат Хамитов МакГрегор мен Нурмагомедов арасындағы жанжал туралы пікірімен бөлісті

"Конордан кез-келген нәрсені күтіге болады". Қуат Хамитов МакГрегор мен Нурмагомедов арасындағы жанжал туралы пікірімен бөлісті
©:Fight Nights Global
Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Vesti.kz порталының тілшісіне UFC жұлдыздары - Хабиб нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы жанжал туралы ойымен бөлісті. 

- Бұл ең қауіпті спорттың түрі. Мұнда тек ең мықтылар мен жүректі спортшылар өнер көрсетеді. Сондықтан да жекпе-жек алдында спортшылар салмақ қуады. Организмің шаршайды. Сол үшін бүкіл әлем сенің ашуыға тиеді. Тіпті саған қарай дұрыс қарамай қалған да ұнамай қалуы мүмкін. 

Менің түсінгенім бойынша, Лобовтың сұқбаты Хабибке ұнамай қалған сияқты. Барлық жанжал осыдан басталған. Бірақ айтарлықтай ештеңе болып жатқан жоқ. Бұл спорт әлемі. Спортшылар арасында бизнес. Менің ойымша, онда мінездің шайқасы болып жатыр. Олар бір-біріне бітіспес қарсылас. Мұндай жағдай барлық спорт түрінде болады. 

Күрес те, бокста да. Екі бірдей мықты қарсылас арасында мұндай қақтығыстар болады. Бұл спортшылар үшін қалыпты жағдай. Дегенмен де басқа жанкүйерлер үшін мәдениетсіз шығар. Дегенмен спортшылар әлемінде мүлде басқа. Біз үшін әдеттегі жағдай. Мүмкін менің UFC өкілімен өтетін кездесу алдындағы салмақ өлшеуді еске алсаңыздар болады. Немесе ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюриді. Бұл негізі қалыпты жағдай. Бұл спорт үшін керек дүние. Алайда, мен мінезде көшеде емесе, рингте көрсету керек деп ойлаймын. 

- Ал автобусқа жасаған шабуыл туралы не айта аласыз?

- Мұны жауап деп қабылдау керек. Бірінші қадамды Хабиб және оның командасы жасады. Содан соң Конор келіп, жауап берді. Менің ойымша бұл кішігірім шоу. Жекпе-жектен кейін барлығы өз орнына келеді. Конор қазір Хабибке жанжалдың керек емес екенін біледі. Өйткені, оны карьерасындағы маңызды кездесулердің бірі күтіп тұр. Сондықтан да Конор мұны әдейі жасап отыр. 

Негізі Конордан кез-келген нәрсені күтуге болады. Нейт Диаспен болған баспасөз жиынын көріңіздер. Онда олар бір-біріне бөтелке лақтырған еді. Мұнда ең батыл, ең мықты жігіттер жиналған. Олар жекпе-жекке шыққан кезде мұндай жағдайлар болып тұрады. Біріншіден, бұл спорт. Екіншіден, бұл шоу. Үшіншіден, бұл өмірде болып тұратын әдеттегі қақтығыс. 

- Олар октоганда кездеседі деп ойлайсыз ба?

- Көшедегі төбелес пен октогандағы төбелес екі түрлі. Барлығы МакГрегорға байланысты болады. Конор Хабибпен жекпе-жек өткізеді деп  ойламаймын. 

Еске салайық, UFC 223 турнирінің қарсаңызда Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың командалары арасында жанжал болған еді. Ресейлік спортшы сұқбаты үшін МакГрегордың спарринг қарсыласы Артем Лобовты бетінен тартып қалды. 

Бұған жауап ретінде ирландиялық спортшы Нурмагомедов отырған автобусқа шабуыл жасады. МакГрегор тұтқындалды, ал Лобов болса жекпе-жектен шеттетілді




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама