auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Естанов Мирзаевты екі жүзді адам деп атап, алдағы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді

Естанов Мирзаевты екі жүзді адам деп атап, алдағы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді
Ержан Естенов пен Расул Мирзаев. Сурет: Vesti.kz
Ережесіз жекпе-жек ел намысын қорғайтын (ММА) Ержан Естанов Vesti.kz порталының тілшісіне 1-сәуір күні Алматы қаласында Fight Night Global 86 турнирінде ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді. 

- Дайындықты Алматыда өткізудемін. Ақырындап бабыма келіп жатырмын. Жарақат немесе жаттығу барысында ешқандай қиындық жоқ. Наурыз айының ортасында жаттығуды аяқтап, жекпе-жекке жүз пайыз дайын боламын. Өткен кездесулерде менің басты қателігім - физикалық тұрғыдан дайын болмауым болды. Мен әр раундтан кейін қатта шаршап қалып жаттым. Бірақ енді мен өзімді жақсы қырынан көрсетуге дайынмын - дейді Естанов. 

- Мирзаевпен үшінші кездесуді қалай ұйымдастырдыңыздар?

- Шынымды айтсам, мен онымен міндетті түрде кездесу керекпін деген мақсат қойған жоқпын. Fight Night басшылары бізді үшінші рет кездестіруді жөн көрді. Мен де, Мирзаев та бірден келістік. Үшінші рет Қазақстанда кездесетінімізге қуаныштымын. 

- Мирзаев бұған дейін Қазақстанға келмеймін деп айтып еді. Үшінші кездесуге қалайша келісім берді?

- Бұл жігіт екіжүзді. Бірінші кездесуден кейін Қазақстанның халқын қонақжай деп еді. Кейін Ресейге барып, Қазақстанды жамандай бастады. Бірақ мен оны Қазақстанда бауырындай күтіп алғанын көрдім. Тіпті ол кезде маған оншалықты көңіл бөлінбеді. Ол кезде маған психологиялық тұрғыдан қиын болды. Өйткені, маған қазақстандық жанкүйерлердің ресейлік спортшыға неге соншалықты көп назар аударғаны түсініксіз болды. Дегенмен де мұндай әңгімелер ер жігітке тән дүние емес. Екі жүзді адам болмау керек. 

- Алдағы жекпе-жекке қандай мақсат қойып отырсыз?

- Мен Fight Nights промоушенімен толық келісімшарт жасаған жоқпын. Егер алдағы кездесуде жеңіске жетсем, бұл промоушенмен ары қарай да жұмыс істей беремін. Жеңіс маған даңғыл жол ашайын деп тұр. Өйткені, чемпиондық белбеулерге таласуға мүмкіндік береді. 

- Сізді бүгінде көп жанкүйерлер сынға алып жатыр. Осы жанкүйерлерге айтап жауабыңыз бар ма?

- Мені спортты түсінетін адамдар қолдайды. Дегенмен мені Мирзаевтан қорқады деп ойлайтындар да бар. Егер мен одан қорқатын болса, үшінші кездесуге келісім берер ме едім? Менің ерік-жігерім бар. Бірақ финкциянальды дайындығымен аз-маз қиындықтар болады. Бұған дейінгі кездесулерде мен қорыққанымнан емес, шаршап қалғанымнан жеңілдім. Қолдау білдіріп жатқан жанкүйерлерге рақмет айтқым келеді. Барлық жанкүйерлерді бұл жекпе-жекте күтемін. Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар көп болады. Барлығына да қолдау керек. Жекпе-жек барлығын көрсетеді. 

Еске салайық, Расул Мирзаев пен Ержан Естанов 1-сәуір күні Алматы қаласында өтеді. Бұл кештің басты айқасынла отандасымыз Жалғас Жұмағұлов (10-3) пен америкалық Тайсон Нэм (16-8-1) арасындағы жекпе-жек болмақ.

Естанов пен Мирзаев бұған дейін екі рет кездескен болатын. Тарқатып айтсақ, 2013 жылдың наурыз айында олар Алматыда "Ұлы соғыс" турнирінде кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік спортшы жеңіске жеткен. Сосын 2014 жылдың қараша айында "Дала батырлары" турнирінде кездесіп, бұл жолы да Мирзаевтың мерейі үстем болған.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама