Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейвезер келесі кездесуін ММА ережесі бойынша өткізетінін айтып қалды

Қазір ол бірнеше миллиард табыс келтіретін кездесу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.


Флойд Мейвезер. Сурет: BlackSportsOnline
Флойд Мейвезер. Сурет: BlackSportsOnline
Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) Forbes басылымына берген сұқбатында карьерасын қайта жалғастыруға дайын екенін айтып берді. 

Өткен жылдың тамыз айында Лас-Вегаста Мейвезер бокс ережесі бойынша жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегормен кездесіп, оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Жуырда Флойд сол кездеуде алған 100 миллион долларлық чегін көрсетті. 

Ал қазіргі уақытта америкалық БАҚ бетінде Мейвезердің карьерасын жалғастырады деген әңгімелер жиілеп кетті. Оған боксшының өзі де себеп беріп отыр. Мысалы, жуырда боксшы МакГрегормен қайта кездесуде дайын екенін айтты. Бірақ бұл жолы жекпе-жек ММА ережесі бойынша өтеді-мыс. 

"Мені шаршы алаңда қайта көру мүмкіндігі дейсіз бе? Нақты білмеймін. Мүмкін мен алдағы уақытта шаршы алаңға шығатын шығармын, мүмкін жекпе-жекті октоганда өткізетін шығармын. Бірнеше миллиардтық әңгіме болған еді. Қазірше күте тұрайық. Сосын барлығы белгілі болады", - деді Мейвезер. 

Бған дейін talkSPORT порталының дереккөзі Джим Уайт Мейвезер мен МакГрегордың командалары екінші кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жолы жекпе-жек ММА ережесі бойынша өтеді екен. Оның ақпараты бойынша, алдағы кездесудің табысы 300 немесе 500 миллион доллар болуы мүмкін. 





  Пікір: 0
  0